
Каир қаласы, 2022 жылғы 2 қазан – Елші Қайрат Лама Шариф Араб мемлекеттері лигасы (АМЛ) Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары, Елші Халед Әл-Завадимен Қазақстан Республикасының төрағалығымен өтетін АӨСШК 6-шы саммитіне АМЛ Бас хатшысы қатысуын дайындау шеңберінде кездесу өткізді.
Қазақстандық дипломат биыл БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында АӨСШК идеясы ұсынылғанына 30 жыл толатынын мәлімдеді. Бүгінгі таңда АӨСШК құрамына 27 Азия елдері кіреді, олардың 6-ы араб мемлекеттері (Бахрейн, Египет, Иордания, Палестина, Катар, БАӘ). 2021 жылы Кувейт АӨСШК-ке мүше мемлекет ретінде кіруге өтініш берді. Аталған елдің қосылуы халықаралық форумның шекаралары мен географиясы едәуір кеңейтеді.
Осы диалог алаңын толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың өзектілігін айттым. Ұсынылып отырған трансформация Азияның жаһандық істердегі жаңа рөлін көрсететіне назар аудардым.
Әңгімелесуші ұйымның өңір елдері арасындағы көпжақты өзара іс-қимылды қамтамасыз етудегі жоғары тиімділігін атап өтті. Ол АӨСШК-та бақылаушы мәртебесіне ие АМЛ-дың ұйыммен өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге мүдделілігіне назар аударды. Ол араб мемлекеттерінің рөліне ерекше тоқталып, Араб мемлекеттері лигасына мүше 22 араб елінің 14-і Азия континентінің өкілі, оның 6-ы Конференцияның толыққанды мүшесі екенін атап өтті.
Халид әл-Завадидің айтуынша, «ынтымақтастыққа бірегей ынталандырулар тудыратын» тұрақты алаң ретінде данышпандар кеңесі мен аналитикалық құрылымдар форумын құру сияқты бастамаларды талқылауға ерекше көңіл бөлінді.
Бұл тұрғыда АӨСШК хатшылығы мен АМЛ арасындағы байланыстарды арттыру тетіктері, сондай-ақ бірлескен іс-шаралардың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды.
Үздік тәжірибе алмасу және көпжақты ынтымақтастықтың әлеуетін ашу мақсатында бірқатар халықаралық іс-шараларды бірлесіп дайындау және өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.