«Орталық Азия + Ресей» диалогы өтті

«Орталық Азия + Ресей» диалогы өтті

Мәскеу, 2022 жылғы 22 сәуір – Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Орталық Азия + Ресей» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің бесінші отырысына қатысты.

Делегация басшылары өзара іс-қимылдың келешегін қарастырды. Ауғанстандағы ахуалды дамыту контекстінде Орталық Азиядағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге басым назар аударылды.

Отырыс барысында тараптар көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың, оның ішінде дағдарыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күш-жігерді шоғырландырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар аймақаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге күш салуға дайын екендіктерін білдірді.