Мысырдың халықаралық ынтымақтастық министрі: «Үкіметаралық комиссия Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыру жол картасын әзірлеу үшін маңызды алаң болып табылады»

Мысырдың халықаралық ынтымақтастық министрі: «Үкіметаралық комиссия Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыру жол картасын әзірлеу  үшін маңызды алаң болып табылады»

Каир, 2022 жылғы 18 сәуір – Қазақстанның Елшісі Қайрат Лама Шариф Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелер бойынша Қазақстан-Мысыр үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) теңтөрағасы болып табылатын Мысырдың Халықаралық ынтымақтастық министрі доктор Рания Машатпен келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың ақпан айында Мысырдың Президенті Әбдел Фаттах әс-Сисимен телефон арқылы сөйлесуінде көтерілген мәселелерге кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, Қазақстан Елшісі ҮАК тең төрағасын Мысырдың Мұнай және минералдық ресурстар, Ауыл шаруашылығы, Көлік, Азаматтық авиация, Электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері, Орта және техникалық білім министрлерімен өткен ресми кездесулердің нәтижелері туралы хабардар етті. Осы ретте Елші алдағы уақытта бұл тәжірибе болу елдің басқа министрліктерінде де жалғасын табатынын айтты.

Мысырдың халықаралық ынтымақтастық министрі ағымдағы жылы Қазақстанның астанасында өтуі жоспарланған ҮАК бірлескен алтыншы отырысының өзара тиімді серіктестікті дамытудың перспективалық бағыттарын анықтауға қомақты үлес қосатынын атап өтті. Қазіргі уақытта құжаттар дайындалды және оларға Нұр-Сұлтандағы Қазақстан-Мысыр үкіметаралық комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша қол қою жоспарлануда.