Мысыр Қаржы министрі Қазақстан Елшісімен Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау туралы Конвенцияға қол қою мәселелерін пысықтады

Мысыр Қаржы министрі Қазақстан Елшісімен Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау туралы Конвенцияға қол қою мәселелерін пысықтады

Каир, 2022 жылғы 17 сәуір – Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шариф Мысыр Қаржы министрі доктор Мұхаммед Ахмед Маитпен кездесіп, екі елдің қаржы саласындағы ынтымақтастығының перспективалары туралы пікір алмасты. Осы ретте Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан-Мысыр үкіметаралық Конвенциясының жобасын келісу мәселесіне ерекше мән берілді. Конвенция Қазақстан мен Мысыр арасында қосарланған салық салудың алдын алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ салықтардың барлық түрлері бойынша ақпарат алмасу жолымен екі мемлекеттің салық қызметтерінің ынтымақтастығын нығайтады.

Елші Қайрат Лама Шариф МАР Үкіметінің мүшесін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» құру бағытына жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті. Осы ретте кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша жедел және жүйелі шаралар қабылданып жатқанын, капиталды шетелден қайтару және елден ақша қаражатының кетуіне қарсы іс-қимыл бойынша нақты тетіктер пысықталуда екенін баяндады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (AIFC) шеңберіндегі Қазақстан-Мысыр ынтымақтастығының перспективалары да аталып өтілді. Осы тұрғыда қазақстандық дипломат AIFC-те Африка құрлығынан екі ірі мысырлық компания «Arab Tourism Limited» және «The Arab Council for Education Services Worldwide Ltd» тіркелгенін, бұл өз кезегінде Қазақстанда бизнес жүргізу үшін жасалған қолайлы климаттың тағы бір дәлелі болып табылатын атап өтті.

Мысырдың Қаржы министрі 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды құптады, сондай-ақ Қазақстанмен ынтымақтастықты, оның ішінде екі жақты шарттық-құқықтық межправительственной Конвенции об избежании двойного налогообложения базаны жетілдіруді, екі елдің қаржылық және инвестициялық белсенділігін арттыруды жалғастыруға дайындығын растады.