Қазақстан Елшісі Мысырдың Әлеуметтік ынтымақтастық министрімен кездесу өткізді

Қазақстан Елшісі Мысырдың Әлеуметтік ынтымақтастық министрімен кездесу өткізді

Каир, 2022 жылғы 14 сәуір – Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шарифтің Мысырдың Әлеуметтік ынтымақтастық министрі доктор Невин әл-Каббажмен кездесуінде әлеуметтік серіктестік және халықты әлеуметтік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Қазақстандық дипломат МАР Үкімет мүшесін «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.

Әлеуметтік ынтымақтастық министрі доктор Невин әл-Каббаж өз кезегінде халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын, соның ішінде көп балалы отбасылар мен жастарды қолдауға бағытталған Мысырдың жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалары туралы айтты.

Осы орайда Министрліктің жауапты қызметкері аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерді қолдауға арналған «Takaful wа Karama» («Ынтымақтастық пен абырой»); Мысырдағы баспанасыз мәселесін шешуге бағыттылған үшін «Біз сіздермен біргеміз»; микро жобаларды қаржыландыру арқылы кедей жанұялардың табыс деңгейін арттыруға арналған «Мүмкіндік»; тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында «Лайықты баспана», сондай-ақ халықтың шамадан тыс өсуін тежеуге бағытталған «Екі бала жеткілікті» мен жастар арасында ажырасуды азайтуға арналған «Жақындық»; «Болашағымыз өз қолымызда»; «Жастар өз еліне қызмет етеді» және тағы басқа әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудағы тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Египет үкіметаралық комиссиясының келесі отырысына дайындық шеңберінде өзара тәжірибе алмасу мен әлеуметтік стратегияны және азаматтық әріптестікті жүзеге асыру бойынша бірқатар мәселелерді талқылап, сондай-ақ әлеуметтік саладағы ынтымақтастық туралы мекемеаралық келісім жобасын әзірлеуге келісті.