
Каир, 2022 жылғы 24 наурыз – Елші Қайрат Лама Шариф Мысыр Ауыл шаруашылығы және мелиорация Министрі ас-Сеид Мұхаммед Марзук әл-Кусейрмен кездесіп, ауыл шаруашылығы саласындағы қазақ-мысыр өзара іс-әрекеттерін жандандыру мақсатында басым бағыттарды талқылады.
Қазақстандық дипломат МАР Үкіметінің мүшесін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері және еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасы туралы хабардар етті. Сонымен қатар, Қазақстан басшысы өз Жолдауында АӨК-ті жан-жақты мемлекеттік қолдаудың, оның ішінде фермерлерді сапалы егіс науқаны үшін жанар-жағармай, тұқым мен тыңайтқыш сияқты қолайлы бағамен барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында Мысырмен агросектордағы практикалық өзара іс-қимылдың әртүрлі аспектілері қарастырылды. Қазақстанның әлеуеті ауыл шаруашылығы, экологиялық таза өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты өндірісін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2006-2010 жылдары Қазақстан Мысырға жыл сайын 1 млн. тоннаға дейін астық экспорттады. Сонымен қатар, бүкіл әлемде азық-түліктің қымбаттауы астық өнімдерінің көлемі мен қолайлы бағаларын алдын-ала айқындау үшін екі елдің құзырлы министрліктері арасындағы іс-қимылдарды үйлестіру қажеттігі туындауда. Сонымен қатар, астық тасымалдаудың тиімді жолдарын да жіті қарастыру қажет.
МАР қоғамдық жұмылдыру және статистика Орталық агенттігінің деректері бойынша, Мысыр әлемдегі ең ірі бидай импорттаушы болып табылады, 2021 жылы импорт көлемі 12,9 млн. тоннаны құрап, астықты 3,2 млрд. АҚШ долларына сатып алды. Мысыр Үкіметі 2022 жылы ішкі өндіріс көлемінің (жергілікті өндірісті ұлғайту есебінен 5,3 млн. тоннаға дейін) ұлғайтуды жоспарлауда. Алайда, бұл өзекті мәселені толық шеше алмайды.
Кездесу қорытындысы бойынша 2022 жылғы қыркүйекте Каирде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (Islamic Organization for Food Security) Бас Ассамблеясының бесінші сессиясын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бүгінгі таңда Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше 56 елдің 36-сы IOFS-ке мүше болып саналады. Бас Ассамблеяның жұмысы барысында Африка құрлығындағы мемлекеттердің мүшелікке қабылдау рәсімдері жалғасатын болады. Баршаға мәлім, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының штаб-пәтері Қазақстанның астанасында орналасқан.