Қазақстан Елшісі Мысырдың Мұнай және минералдық ресурстар Министрімен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Елшісі Мысырдың Мұнай және минералдық ресурстар Министрімен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Каир, 2022 жылғы 21 наурыз - Елші Қайрат Лама Шариф Мысырдың Мұнай және минералдық ресурстар министрі Тарек әл-Молламен кездесіп, оның барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың көкжиектері, сондай-ақ Қазақстанда энергетика және минералдық ресурстарды өндіру саласындағы бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Қазақстандық дипломат МАР Үкіметінің мүшесін Қазақстандағы ағымдағы жағдай туралы толықтай ақпарат беріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» құру бағытына сәйкес жүргізіліп жатқан және жоспарланып отырған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды баяндады. Көрші елдерге қарағанда Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктері жағынан ең қолайлы ел болып табылатына назар аударды. Тәуілсіз Қазақстанда Еуропа, Қытай, Ресей және АҚШ-тың барлық әлемдік мұнай компаниялары жұмыс істейтінін атап өтті.

МАР Мұнай және минералдық ресурстар министрлігі мен ҚР Энергетика министрлігі арасында энергетика саласындағы күш-жігерді үйлестіру үшін ынтымақтастық туралы ведомствоаралық келісімге қол қою қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Министр Тарик әл-Молла 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды құптады, сондай-ақ ішкі нарықтың мұнай өнімдері мен мұнай-химия өнімдеріне, минералдық ресурстарға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға дайындығын растады.