
Қазіргі уақытта екіжақты қазақ-мысыр қарым-қатынастары қомақты шарттық-құқықтық базаға сүйенеді. Саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық өзара іс-қимыл мәселелерінің кең спектрін қамтитын 50-ден астам үкіметаралық және мекеме аралық келісімдер жасалды. Осыған байланысты 2001 жылғы 11 қарашада Каирде қол қойылған Әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім екі елдің көлік-логистикалық өзара іс-қимылының маңызды құралы болып табылады.
Бұл туралы Қазақстанның Мысырдағы елшісі Қайрат Лама Шариф МАР Азаматтық авиация министрі Мұхаммед Манар Анбамен ресми кездесуі кезінде мәлімдеді.
Әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат Мысыр Үкіметінің мүшесін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етіп, «қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидаты туралы мағлұматтар берді.
Қазіргі уақытта «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы әзірленуде, оған бес әуежайды (Қостанай, Орал, Қызылорда, Шымкент, Алматы) жаңғырту жөніндегі іс-шаралар енгізілген. Сондай-ақ, жергілікті әуе желілерінің (Жәнібек, Казталовка, Сайқын, Арқалық, Сарыағаш, Қарқаралы, Ұлытау, Зайсан) сегіз аэродромының инфрақұрылымын қалпына келтіру жоспарланған. Сонымен қатар, 2020 жылы Түркістандағы заманауи green field әуежайы пайдалануға берілді.
Өткен жылы Үйлестірілген валидациялық миссия шеңберінде ICAO аудиторлары салаға тәуелсіз тексеру жүргізді. Алдын ала деректер бойынша, Қазақстан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84%-ға дейін көтерді, бұл орташа әлемдік көрсеткіштен 15%-ға жоғары.
Сарапшылар сондай-ақ барлық көрсеткіштер бойынша ИКАО стандарттарына сәйкестіктің өскенін атап өтті. Бірінші кезекте «ұйымдастыру құрылымы» және «заңнама» бойынша. Ұшу қауіпсіздігі бойынша Қазақстан Нидерланды, Бельгия, Португалия, Чехия (87%), Латвия (86%), Дания (85%), Исландия және Польша (84%) сияқты қолайлы елдердің деңгейіне жетті.
Мысырдың Азаматтық авиация министрі Мұхаммед Манар Анба өз кезегінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жанындағы Азаматтық авиация комитетінің Мысырға әуе тасымалын жаңарту жөніндегі шешімін қошеметпен қабыл алды. Наурыз айында басталған «Air Astana» және «SCAT» авиакомпанияларының туристерді тасымалдауы алдағы уақытта екі жақты сауда-экономикалық байланыстарға жаңа серпін беретіндігіне сенім білдірді.
Осы ретте Елші Қайрат Лама Шариф Мысырдың Қазақстан үшін экспортты ұлғайту тұрғысынан келешегі зор ел екенін атап өтіп, Қазақстан мен Мысыр тез бұзылатын жүктерді әуемен тасымалдаудың пайдаланылмаған сауда әлеуетіне ие бар екеніне мән берді. Тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі кезінде көптеген қазақстандық дайын тамақ өнімдерін өндірушілер 100 млн. халқы бар Мысыр нарығына шығуға мүдделі екенін жеткізді.
Қазіргі уақытта Мысыр сүт өнімдерін, қой, сиыр және құс еттері мен тауық жұмыртқаларын ірі импорттаушы болып табылады. Сонымен қатар Мысыр Қазақстанға теңіз балықтарын, цитрустарды, жемістер мен жидектерді жеткізуге дайын.
Министр Мұхаммед Манар Анба Каирдегі Қазақстанның ұсыныс-пікірлерін жан-жақты қарастыруға әзірлігін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен жұмыс тобын құруға уағдаласты, оның құрамына мүдделі министрліктер мен мекемелердің, сондай-ақ екі елдің бизнес-қоғамдастығының өкілдері кіреді.