Қазақ - Мысыр серіктестігіне 30 жыл

Қазақ - Мысыр серіктестігіне 30 жыл

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мысыр Араб Республикасының Сыртқы істер министрі Самих Шукриге екі елдің дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтауын жолдады.

Қазақстанның сыртқы саяси мекемесінің басшысы Мысыр Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған және дипломатиялық қатынастарды орнатқан ең алғашқы мемлекеттерінің бірі екенін, сол бір тарихи кезеңнен бастап екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды және үдемелі дами түсіп, жоғарғы деңгейге жеткенін атап өтті.

Министр Мұхтар Тілеуберді Қазақстан мен Мысыр арасындағы достық және сенімді әріптестік негізінде қалыптасқан қатынастар алдағы уақытта да халықтарымыздың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.

6 наурыз – екіжақты қарым-қатынастардың айтулы күні Мысыр Сыртқы істер министрінің орынбасары Айман Кемелмен болған кездесуде МАР СІМ басшысы Самих Шукридің құттықтауы Нұр-Сұлтан қаласындағы Мысыр елшілігі арқылы да жолданғанын хабарлады.