
Каир, 2022 жылғы 31 қаңтар - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 5 қаңтарында жазған танымал мақаласында шетел аудиториясына арналған Қазақстанның қысқаша тарихын жазып, әлемнің негізгі тілдеріне аударуды ұсынған болатын.
2022 жылдың 31 қаңтарында Каир халықаралық кітап көрмесінде Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі Мемлекет басшымыздың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын Біріккен Ұлттар Ұйымының алты ресми тілдерінің бірі болып саналатын араб тіліне аударып, брошюра шығарды. Басылым Қазақстан туралы фотосуреттермен безендіріліп, араб тілді аудиторияның қабылдауын қазақ халқының тарихына бейімдейтін анықтамалық ақпаратпен толықтырылған.
Брошюраның тұсаукесеріне Каирде аккредиттелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшылары, талдау орталықтары мен институттардың басшылары, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.
Елші Қайрат Лама Шариф Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және басқа да салалардағы жетістіктерін, еліміздің халықаралық сахнадағы жоғары беделін атап өтті.
Қазақстандық дипломат қайғылы қаңтар оқиғасының зардаптары, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жаңа саяси және әлеуметтік реформалар туралы баяндап берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы араб оқырмандарына жаңа Қазақстанды тануға бағдаршам болатынына сенім білдірді.
«Хиуар» («Сұхбат») саяси зерттеулер Орталығының директоры доктор Ахмед Тахер Елшіліктің аудармасы уақтылы әрі өзекті деп атады. «Бұл Қазақстан мен Мысыр халықтарының өзара құрметін нығайтуға ықпал ететін маңызды ғылыми ресурс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы Тәуелсіз Қазақстанның тарихын объективті бағалауға мүдделі мысырлық зерттеушілердің қолдауына ие болатындығына сенімдімін» - деді Орталық басшысы.
Публицист-журналист Әбу Бакр Әбу Мәжид «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақала Қазақстанның мақтаныш сезімін арттырып, қазақ халқының тарихын тереңірек бағалауға мүмкіндік беретін заман талабы екенін атап өтті.
«Тахрир» саяси зерттеулер Орталығының директоры доктор Имад әл-Азрак Қазақстан Мысырдың өңірлік мәселелердегі маңызды серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтті. «Бізді халықаралық терроризмге және қазіргі әлемнің басқа да сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне қарсы іс-қимылдың өзекті қажеттілігін түсіну, дінаралық және өркениетаралық диалогты тереңдетудің баламасыздығын сезіну біріктіреді» - баяндады ол.
«әл-Жумхурия» («Республика») газеті бас редакторының орынбасары доктор Мұхаммед Талғат өз сөзінде «Мысыр журналистикасының салмағы орасан зор, өйткені ол адамдардың пікірі мен көңіл-күйін, олардың құндылығын, моральдық, саяси бағдарларын қалыптастырады. Осыған орай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы журналистер қауымдастығы арасында жан-жақты кәсіби пікірталас пен оң тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік туғызатындығын» сөз етті.
Басқа да сөз алған мысырлық сарапшылар қазақстандық көшбасшының осы жұмысын басып шығару араб оқырмандардың көпшілігіне тәуелсіз Қазақстанның қызықты тарихымен танысуға, Қазақстан мен Египеттің өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты белсенді нығайтып келе жатқанының айқын дәлелі болуға мүмкіндік беретініне назар аударды.