Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 11 қаңтар - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Хоссейн Абдоллахианмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Иран министрі Иран басшылығы мен халқының атынан Қазақстандағы тәртіпсіздіктер барысында қаза тапқандарға көңіл айтты. Сондай-ақ, ол қазақстандық биліктің күрделі жағдайды қалпына келтіру және тұрақтандыру үшін қабылдаған шараларына қолдау білдірді.

ҚР СІМ басшысы ирандық әріптесіне қолдау үшін алғыс білдірді. Қазақстан басшылығы тарапынан халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және күнделікті өміріне арналған қажетті іс-әрекеттер қабылданып жатқанын жеткізді.

Сұхбат соңында әңгімелесушілер екіжақты байланыстардың жоғары деңгейіне қолдау көрсету қажеттілігін атап өтті.