Қазақстан СІМ-де ТүркПА Бас хатшысымен кездесу туралы

Қазақстан СІМ-де ТүркПА Бас хатшысымен кездесу туралы

Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 23 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев «Елбасы. Тәуелсіздік. Парламент» халықаралық парламенттік конференциясына қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапар шеңберінде Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Мехмет Сюрейя Эрмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ш.Нұрышев түркі елдерінің ынтымақтастығы желісі бойынша мемлекет басшыларының уағдаластықтарына заңнамалық қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін парламентаралық диалогты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Ол 2021 жылдың 28 қыркүйегінде түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан декларациясының негізін қалаған Түркістан қаласында өткен ТүркПА Х пленарлық отырысы шешімдерінің тарихи маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде М.Сюрейя Эр жаңа сын-тегеуріндерге қарсы тұруда түркі мемлекеттері ынтымақтастығының маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентарийлердің өзара іс-қимылын одан әрі жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

ТүркПА - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылғы 21 қарашада құрылған түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік бірлестігі. Ұйымның мүшелері Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия, бақылаушы ел – Мажарстан.