Швецияда ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің жұмысы басталды

Швецияда ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің жұмысы басталды

Стокгольм, 2021 жылғы 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді 2-3 желтоқсанда Швецияда өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің 28-ші отырысы қарсаңында делегация басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

Кездесуге қатысушылар ЕҚЫҰ күн тәртібіндегі қауіпсіздік мәселесі бойынша жан-жақты тәсілдемеге және Ұйымның тиімділігін арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді талқылады.

Қазақстан СІМ басшысы өз сөзінде өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлікке қол жеткізу үшін ашық, тұрақты және кең ауқымды диалогтың маңыздылығын атап өтті. «Біз ЕҚЫҰ-ның барлық қағидаттары мен міндеттемелерін растауды, сондай-ақ болашаққа бағытталған жаңа күн тәртібін бекітуді қажет деп санаймыз», - деді М.Тілеуберді.

Сондай-ақ, ЕҚЫҰ мандатының барлық бағыттары бойынша ынтымақтастық жолдары талқыланды.