Мысырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған дөңгелек үстел және танымал жазушы Ахмед Тарабиктің «Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қазіргі заманғы тарихында» атты кітабының тұсаукесері өтті

Мысырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған дөңгелек үстел және танымал жазушы Ахмед Тарабиктің  «Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қазіргі заманғы тарихында» атты кітабының тұсаукесері өтті

Каир, 2021 жылдың 1 желтоқсаны – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігі Мысырдың ресми топтары өкілдерімен, МАР-дағы жетекші талдау орталықтарының басшыларымен, қоғам және мәдениет қайраткерлерімен бірлесіп дөңгелек үстел және белгілі мысырлық жазушы Ахмед Тарабиктің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасыға арналған араб тіліндегі «Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі Қазақстан тарихындағы» кітабының тұсаукесерін өткізді.

Салтанатты кеште алғашқы сөз сөйлеген Елші Қайрат Лама Шариф жиналғандарды Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі Қазақстанның қалыптасуындағы көрнекті рөлі туралы баяндап берді. Тарихи қысқа мерзімде Қазақстан халқы Елбасының басшылығымен қызметтің барлық салаларында – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуде, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруда, құқықтық және демократиялық мемлекет құруда, әлеуметтік мемлекет құру жолында, сондай-ақ мемлекеттік егемендікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты одан әрі нығайтуда, мемлекеттік құрылысты тереңдетуде орасан зор табыстарға қол жеткізді.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға 350 млрд. АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестиция тартылды, бұл Орталық Азия өңіріне инвестицияның жалпы ағынының 70 пайызын құрайды. Бұл нәтижеге қазақстандық қоғамдағы тұрақтылық пен келісім аясында мемлекет басшылығы жүргізіп отырған ашықтық пен сенім саясатының арқасында қол жеткізілді. Тәуелсіздіктің үш онжылдығында жалпы ішкі өнім көлемі 18 есеге өсіп, 300 мыңнан астам жұмыс орны мен 1250 жаңа кәсіпорын құрылды.

Мысырдағы танымал сараптамалық топтардың жетекшілері Қазақстанның халықаралық бастамаларының негізіндегі бейбітшілік пен келісімді, конфессияаралық және ұлтаралық ынтымақты, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздікті сақтаудағы Қазақстанның жалпы үлесін жоғары бағалады. Осы ретте «әл-Ахрам» саяси және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры доктор Мұхаммед Файез Фарахат қатысушылардың назарын Елбасының бастамасын іс жүзіне асқан АӨСШК жанынандағы тұрақты платформа ретінде аналитикалық орталықтар форумын құрудың маңыздылығы мен өзектілігіне аударды. Ол сондай-ақ Сенім шаралары каталогына енгізілген ынтымақтастықтың бес өлшемі аясында сындарлы диалогты жалғастырудың және аналитикалық құрылымдардың АӨСШК-пен тығыз өзара әрекеттесуінің маңыздылығын атап өтті.

Мысырдың көрнекті журналисті доктор Мұхаммед Салама өз сөзінде діндер мен өркениеттер диалогының жаһандық орталығына айналған Қазақстанның белсенді рөлін атап өтті. 2003 жылдан бастап Елбасының қамқорлығымен Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізуде Қазақстан ерекше рөл атқарып келеді. Осы жылдың қыркүйек айында Қазақстанның астанасында Съезд Хатшылығының кезекті ХІХ отырысы өтті, сондай-ақ оның аясында 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне белсенді дайындық жүргізілуде. Осы іс-шараларға Египет тарапынан Дәстүрлі ислам дінінің жетекшілері тобынан жоғары деңгейдегі делегациялары тұрақты қатысуда.

Өз кезегінде «әл-Хиуар» («Диалог») саяси зерттеулер орталығының директоры Ахмед Тахер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану және таратпау үдерістеріндегі әлемге танылған беделі мен рөліне назар аударды. Бұған Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының Қазақстанға «Ядролық қарудан азат әлем чемпионы» мәртебесін беруі дәлел. Ахмед Тахер сондай-ақ Қазақ елінің көшбасшысының дана басшылығымен Семей полигоны жабылып, әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқанын атап өтті.

Мысырдағы мәмлүктер дәуірінің тарихи ескерткіштерін сақтау саласындағы танымал ғалым, белгілі мәмлүктанушы Имад әл-Осман жиналғандардың назарын екіжақты ынтымақтастықтың мәдени аспектілеріне аударды. Қазақ мен мысырлықтардың мәдени-тарихи байланыстарына келгенде, олардың негізін қалаушы қазақ даласының даңқты перзенті, мәмлүк мемлекетінің аты аңызға айналған билеушісі Сұлтан Әз-Захир Бейбарыс екенін айтпай кетуге болмайды. Айтарлықтай, қазақ және мысыр халықтарының тарихи-мәдени тамырына, сондай-ақ олардың біртұтас мұсылман өркениетіне жататындығына негізделген сан ғасырлық қарым-қатынасымызды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сөзінің соңында ол қазіргі ұрпақ дәстүрлердің жалғастырушысы болып келетінін және барлығымыз ол үшін достық қарым-қатынасты дамытуға өзіндік үлес қосуымызды атап өтті.

2023 жылы тойланатын Ұлы даланың ұлы перзенті Сұлтан Әз-Захир Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойын атап өту қарсаңындағы екі елдің ғалымдары мен мәмлүктанушылардың бірлескен жоспары ретінде Мысыр билігі Мәмлүктер дәуіріндегі тарихи деректерін, қолжазбаларын және мәдени нысандарын іздеу бойынша басталған жұмыстың мақсаты да осы.

Дөнгелек үстел барысында мысырлық жазушысы Ахмед Тарабиктің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған араб тіліндегі «Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қазіргі заманғы тарихында» атты кітабының тұсаукесері өтті. Айтарлықтай 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ахмед Тарабиктің «Қазақстан - болашаққа көзқарас» кітабы араб тілінде жарық көрген болатын. Жазушы Ахмед Тарабиктің жаңа басылымы Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына, оның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөліне арналған. Кітап төрт бөліктен тұрады, олардың әрқайсысы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының негізгі кезеңдерін, Ұлы Далада мемлекеттіліктің пайда болуының тарихы, қазіргі Қазақстанның дамуы мен оның әлемнің дамыған елдерінің қатарына енуі бойынша стратегиялық құжаттар туралы сипатталады. Кітаптағы басты орынды мемлекеттілікті құру мен жан-жақты нығайту, көпұлтты халықтың бірігуінде, тұрақты, гүлденген және рухани қоғамды қалыптасуында, жетекші әлемдік алпауытты елдермен ынтымақтастық пен серіктестікті дамытуда сондай-ақ оның бітімгершілік идеяларындағы көрнекті және стратегиялық саясаткер ретінде еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың іргелі рөлі алады.

Жалпы, мерекелік іс-шараға Мысырдың көрнекті қоғам және саяси қайраткерлері, Египеттің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.