
Тунис, 2021 жылғы 27 шілде – Туниске ресми сапармен келген Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) бас директоры Ерлан Байдәулет Ауыл, су ресурстары және теңіз балық шаруашылығы министрі Мұхаммед әл-Фаділ Кәріммен кездесті.
Кездесу барысында Тунис пен АҚИҰ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері қаралды. Тараптар Азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты және ИЫҰ-ның исламдық мүше елдерінде АҚИҰ аясында жүзеге асырылатын жобаларды қаржыландыру тетіктерін талқылады. Сонымен бірге, Бас директор АҚИҰ-ның қарқынды дамыуын ескере келе, жақында Тунистің ұйымға қосылуын ИЫҰ елдері алдында тұрған азық-түлік қауіпсіздікті және тұрақты ауыл шаруашылықты қамтамасыз ету ауқымды міндеттер тұрғысынан маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, делегация басшысы АҚИҰ аясындағы барлық бағдарламаларының икемділігіне, сондай-ақ қатысушы елдердің тілектері мен ұсыныстарына сәйкес жаңа бағыттармен толықтыру мүмкіндігіне назар аударды. Осыған байланысты ол Тунисті Ұйымның мандаты мен 2031 Стратегиясы аясында тиімді ынтымақтастықты құруға шақырды.
Өз кезегінде Министр Мұхаммед әл-Фаділ Кәрім Тунис АҚИҰ-ке қосылуға үлкен мән беретіндігін және ауыл шаруашылығына IT технологияларды енгізу мен цифрландырудың өзектілігін қолдайтындығын баса айтты. Кездесу барысында агроөнеркәсіптік секторды дамыту тақырыбы қозғалды. Осы орайда, АҚИҰ әлеуетін назарға ала отырып, ең алдымен ИЫҰ-ға мүше елдердің, сондай-ақ ұйымның халықаралық серіктестері болып келетін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің импорттаушылар мен экспорттаушылары арасындағы тікелей байланыс орнату арқылы сату нарығын кеңейтудің зор мүмкіндіктері аталды. Әрі қарайғы ынтымақтастықты нығайту мақсатында министр АҚИҰ Бас директорын ағымдағы жылдың қазан айында Тунисте өтетін SIAMAP 2021 (International Show of Agriculture, Agricultural Machinery & Fishing) халықаралық көрмеге шақырды. Тараптар жақын болашаққа арналған нақты іс-қимыл жоспарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға ниеттерін білдірді.
Ресми сапар аясында АҚИҰ басшысы Е.Байдәулет сонымен бірге Тунис ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы Одағының (UTAP) президенті Изар Әбделмәжідпен кездесті. 1920 жылы құрылған UTAP «Ауыл шаруашылығы - егемендікті нығайту және ел экономикасының дамуы» ұранымен елдің Ауыл, су және балық шаруашылығы мен Сауда министрліктерімен бірлесе отырып, фермерлер мен балықшылардың мүдделерін қорғап, осы саланың тұрақты өсу қарқынын сақтауға өз үлесін қосып келеді.
Әңгіме барысында тараптар екі ұйымның жеке секторға, ең алдымен шағын өндірушілер мен ауылшаруашылық өнімдерін өңдеушілерге, өзара тиімді алаң ұсынатын ынтымақтастықтың келешегін атап өтті.
АҚИҰ басшысы Туниске сапары аяқталғаннан кейін Мысыр мен Иорданияға сапарын жоспарлануда.