
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 2021 жылдың 15 наурыз - 15 мамыр аралығында Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан мектеп оқушылары арасында халықаралық онлайн-байқау жариялады.
Аталған шара балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған.
Байқаудың мақсаты - жасөспірімдердің бойындағы рухани-адамгершілік үйлесімділікті дамыту, жаңа заманауи технологиялардың көмегімен жастардың көркемдік талғамын тәрбиелеу, кітап оқуға деген ынтасын арттырып, көркемсөз өнеріне баулу, жас таланттардың қалыптасуы мен дамуына ықпал ету, олардың шығармашылық әлеуетін іс жүзінде іске асыруға жәрдем беру, дарынды орындаушылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, қоғамның және жастардың Ж.Жабаевтың шығармашылығына деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттыру болып табылады.
Онлайн-байқау туралы толық ақпарат пен қатысу шарттары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вебсайтында: - https://www.gov.kz/memleket/entities/mcs/press/news/details/173705?lang=kk.