Тұрақты даму және инновациялар бойынша төртінші Орталық Азия ғылыми форумы

Тұрақты даму және инновациялар бойынша төртінші Орталық Азия ғылыми форумы

2021 жылғы 15-19 наурызда Ұлыбританиядағы қазақстандық докторанттар қауымдастығы Тұрақты даму және инновациялар бойынша төртінші Орталық Азия ғылыми форумын (CARF 2021) гибридті форматта өткізеді.

CARF 2021 COVID-19-дан кейінгі қайта дамуға арналып, келесі сессияларды қамтиды:

  • 15-16 наурыз (17.00 – 20.00): Орталық Азиядағы тұрақты даму үшін серіктестік және ынтымақтастық
  • 17-18 наурыз (16.00-18.00): Орталық Азиядағы қалалар басқарудың жаңа жолдарын іздеуде: COVID-19 әсері және одан тыс
  • 19 наурыз (15.00 – 16.30): 1 өнеркәсіптік сессия: Орталық Азияда еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу
  • 19 наурыз (16.45-18.15): 2 өнеркәсіптік сессия: «Өзгеріс менеджерлері» бағдарламасын талдау және зерттеу

Форум серіктестері:

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігі, Seedstars Kazakhstan, Лафборо университеті, Қазақстандағы Британ Кеңесі, Британдық-Қазақстандық қоғам, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Үздіксіз кәсіби даму бюросы (АХҚО Бюросы), Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ), Eurasian Center for People Management және Iowa Solutions.

Бағдарлама: https://www.kpauk.org/kaz/online-forum/

Тіркелу: https://forms.office.com/Pages/ResponsePage.aspx...

Байланыс: info@kpauk.org