Каирдегі #251 сайлау учаскесінде дауыс беру

Каирдегі #251 сайлау учаскесінде дауыс беру

2021 жылы 10 қаңтарда Каир қаласындағы ҚР-ның Елшілігі жанындағы  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау үшін  #251 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.

Сайлау учаскесі бойынша 152 сайлаушы тіркелген. Каир уақытымен  сағат 12.30-ға 71 адам дауыс берді.

Сайлау күні қазақстандық студенттермен кездескен Елші К.Лама Шариф, сайлаушыларды құттықтай отырып, жиналғандарға сайлаудың маңыздылығы, Қазақстандағы және әлемдегі ірі оқиғалар туралы, сондай-ақ Қазақстанның  Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтудегі іс-шаралар туралы баяндап берді.

Қазіргі таңда Мысырда Аль-Азхар, Каир, Айн Шамс және басқа оқу орындарда 100-ден астам қазақстандық студенттер білім алуда.

Каирдегі #251 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда.