Шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын Қазақстан студентеріннің назарына!

Шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын Қазақстан студентеріннің назарына!

Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңының 26 - бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдарүшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (бұдан әрі-МӘМС) жарналарды мемлекет тарапынан жүзеге асырылады.

Алайда, шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің деректері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - БҒМ)ақпараттық жүйесінде жоқ, себебі Қазақстан аумағында осы тұлғалар студент ретінде тіркелмеген. Осыған байланысты, оларға МӘМС аясында медициналық қызметтерді алу қолжетімсіз.

Сонымен қатар, студент мәртебесін өзектендіру үшін 2020 жылдың қазан айында БҒМ egov.kz электрондық үкімет порталында шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерді тіркеу бойынша қызметті іске асырды.

Осылайша, студент egov.kz электрондық үкімет порталында "шетелде оқитын студенттерді тіркеу" бөлімінде оқуын растайтын құжатты (оқу орнынан анықтама) тіркеу арқылы өтініш беруі тиіс.