Елші Қайрат Лама Шариф «Egyptian International Pharmaceutical Industries Company» басшысымен кездесу өткізді

Елші Қайрат Лама Шариф «Egyptian International Pharmaceutical Industries Company» басшысымен кездесу өткізді

Қазақстанның Мысырдағы елшісі Аш-Шаркия провинциясының                  «10-Рамазан» қаласында орналасқан EIPICO компаниясының ірі зауыттарының біріне барды.

Анықтама: «10-Рамазан» қаласы - бұл Мысырдың инновациялық кластерлерін, оның ішінде электроника, тамақ өңеркәсібі, киім, тоқыма, құрылыс материалдары, металлургия, фармацевтика және жиһаздарды дамыту үшін арнайы экономикалық жағдайлар жасалған заманауи өнеркәсіптік қала. Бүгінгі таңда 500 мыңнан астам жұмыс орнын ұсынып отырған өндіріс фабрикаларының саны 3 мыңға жетіп, олардың жалпы капиталы 84 млрд. мысырлық фунт (5,4 млрд. АҚШ доллар), ал жылдық өндіріс көлемі 162 млрд. мысырлық фунт (10,4 млрд. АҚШ доллар) құрайды.

Елші Қайрат Лама Шариф EIPICO Директорлар кеңесінің төрағасы және басқарушы директоры, Қазақстан-Мысыр іскерлік кеңесінің төрағасы Ахмед Келанимен кездесу өткізді. Сұхбат барысында EIPICO компаниясының Қазақстанмен өзара әрекеттесуінің перспективалары, сондай-ақ Алматыда               35 миллион АҚШ доллар көлеміндегі қазақстандық-мысырлық  фармацевтикалық паркінің құрылысы жөнінде инвестициялық жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Компания басшылығы жобалық құжаттама толығымен өңделгенін, объектінің орны анықталғанын атап өтті. Құрылыс 2016 жылы басталуы тиіс еді, алайда мысыр валютасының девальвациясы мен кейінгі экономикалық дағдарысқа байланысты тоқтатылды.

Қазақстандық дипломат осы инвестициялық жоба Мысырдың  инвестициялық агенттігінің басымды жобалардың тізіміне, сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің 2021-2022 жылдарға арналған Елдік инвестициялар бағдарламасына енгеніне сұхбаттасушының назарын назар аударып, осы бағыттағы жұмысты одан әрі жандандыру қажеттілігін атап өтті. Сонымен бірге, ол Қазақстанда табысты бизнес жүргізу үшін жағдай жасалғанын, іскерлік ахуалды жақсарту, кедергілерді азайту және елдің инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған жүйелі реформалар жүзеге асырылып жатқанын айтты. Тараптар EIPICO компаниясының басшысы Ахмед Келани осы жылдың желтоқсан айының екінші жартысында Қазақстанға сапары бойынша ұағдаласты.

Анықтама: «EIPICO» («Египет Халықаралық Фармацевтикалық Өндіріс Компаниясы») - Таяу Шығыста және Солтүстік Африкада көшбасшылардың бірі болып саналатын Мысырдың ірі фармацевтикалық компаниясы. 1980 жылы құрылған. Оның қызметі фармацевтикалық өндірістің ғылыми-зерттеу жұмыстарынан бастап сатуға арналған белсенді заттар мен дайын өнімдер өндірісіне дейінгі барлық салаларын қамтиды. Фармацевтикалық препараттардың 400-ден астам түрін шығарады, оның 65-і лицензияланған. EIPICO өндірістік құрылымына белсенді дәрілік заттарды, таблетка, драже және капсула түріндегі дәрілік заттарды шығаратын 9 стерильді зонасы бар екі негізгі кәсіпорын кіреді. Биотехнология мен гендік инженерияның өзіндік ғылыми орталығы бар.

Компания фармацевтикалық өнім экспорты бойынша көшбасшы болып табылады (Мысырдың фармацевтикалық өнім экспорты көлемінің 21%). Қазіргі уақытта компанияның өнімі әлемнің 65 еліне, соның ішінде Африка, Азия, Еуропа, Латын Америкасына экспортталуда.

Кездесу соңында елші Қайрат Лама Шариф бұл инвестициялық жоба Қазақстан-Мысыр арасындағы экономикалық байланыстарын нығайтуға ықпал ететініне, сондай-ақ жаңа өзара тиімді жобалардың бастауы болатынына сенім білдірді.