Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету

Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың тиісті құжаттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан алу процесі.

     Талап етуге жатпайды:

  • әскери билеттердің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер);
  • қызметтік куәліктер;
  • егер неке бұзылған болса, неке қию туралы куәлік (тиісті анықтама беріледі);
  • қайтыс болғандардың туу туралы куәліктері.
  • Өтініш.
  • Сауалнаманың 3 данасы (сауалнамадағы сұрақтарға жауаптар толық және нақты, мемлекеттік немесе орыс тілінде болуы тиіс).
  • Өтініш берушінің, заңды өкілдің не сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • Өтініш берушінің өзіне қатысты құжаттар талап етілетін тұлғамен туыстық қатынастарың растайтын құжаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда).
  • Заңды өкілдің не сенім білдірілген адамның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасы (құжаттарды алуға құқығы бар адамның өкілі талап еткен жағдайда).
  • Өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін.
  • Талап етілетін құжаттың көшірмесі (бар болса).
  • Консулдық алым төленгенін дәлелдейтін құжаттың түпнұсқасын тапсырады.

* Қайтыс болу туралы куәлікті қайтыс болғандардың туыстары немесе заңды тұлғалар ресми мақсатта талап ете алады;

 * Кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың талап ету жөніндегі өтініштерін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) береді.

  • 4 айға дейін

Мемлекеттік органдар қосымша тексеру қажет болған жағдайда, мерзім өтініш берушіні хабардар ете отырып, 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады

  • 30 АҚШ доллары (әрбір құжат үшін)

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, жұма, сенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.

Мекен-жайы: Villa 371, South Academy - Area A, Ammar ben Yasser Street, 5th Settlement, New Cairo

Телефон арқылы хабарласыңыз: +20225378084 және / немесе электрондық пошта: cairo@mfa.kz .

Дата публикации
06 апреля 2025
Дата обновления
06 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 апреля 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
06 апреля 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
Ақпарат
06 апреля 2025
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары