Eastar Jet әуе компаниясының өкілі Lee Seok Kyu мырзамен кездесуі

Eastar Jet әуе компаниясының өкілі Lee Seok Kyu мырзамен кездесуі

Пусан, 2025 жылғы 13 ақпан – Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Аслан Асқар Eastar Jet әуе компаниясының өкілі Lee Seok Kyu мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы жаңа әуе бағыттарын ашу перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, Инчхон – Алматы бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосу жоспарланып, Пусан – Алматы бағытын ашу мүмкіндігі қарастырылуда.

Бұл бастамалар екі ел арасындағы көлік байланыстарын нығайтып, туризм мен іскерлік қатынастарды дамытуға септігін тигізеді деп күтілуде.