
Пусан, 2024 жылғы 20 қазан - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Аслан Асқар Қазақстан Республикасының Ульсандағы Құрметті консулымен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге бағытталған бастамалар мен мүмкіндіктерді талқылады.
Бұл сапар Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы мәдени және іскерлік тәжірибе алмасуларды нығайтудағы Құрметті консулдың құнды рөлін айқындады.
Сонымен қатар, Ульсан қаласына сапар барысында Бас консул “Hyundai” зауытына барып, автомобиль өнеркәсібіндегі заманауи өндірістік технологиялар мен инновациялық шешімдермен танысты, бұл тәжірибе алмасу мен екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды қадам болды