Корея Республикасының Ульсан қаласында Қазақстан-Корея бизнес-форумы өтті

Корея Республикасының Ульсан қаласында Қазақстан-Корея бизнес-форумы өтті

Пусан, 2024 жылғы 19 қараша - Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығы және Корей халықаралық сауда қауымдастығы (KITA) ұйымдастырған Қазақстан-Корея бизнес-форумы өтті.

Бұл іс-шара екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және инвестициялар мен әріптестік үшін жаңа мүмкіндіктерді зерттеуге мүдделі әртүрлі салалардың 25-тен астам компаниясын біріктірді.

Форумның негізгі мақсаты корейлік серіктестерді Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру және бірлескен жобалар үшін перспективалы бағыттарды талқылау болды. Форум барысында екі елдің бизнес өкілдері тауар айналымын арттыру мүмкіндіктерін талқылап, тәжірибе алмасты және өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін іскерлік байланыстар орнатты.

msn.com