Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығында Республика күніне арналған дөңгелек үстел жиыны өтті

Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығында Республика күніне арналған дөңгелек үстел жиыны өтті

Пусан, 2024 жылғы 16 қазан -  Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығында Республика күніне арналған дөңгелек үстел жиыны өтті.

Жиынға жергілікті қазақ қауымдастығы, белсенділер және студенттер қатысты.

Бас консул Аслан Асқар төл мерекеміздің маңыздылығын және жыл сайын еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек екендігін айтты.

Республика күні – мемлекеттің символын айқындайтын маңызды мереке. Шетелде өмір сүріп жатқан азаматтарымыздың Отанға деген сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге, ұлттық және мемлекеттік мерекелерге құрметпен қарау туралы ұғымды айта отыра, Бас консулдықтың болу еліндегі азаматтарымызға әрқашан қолдау көрсететіндігін атап кетті.