Пусан, 2024 жылғы 01 қазан - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Аслан Асқар жаһандық қалалар үшін туризмді ілгерілету ұйымының (TPO) бас хатшысы У Гён-Хамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында У Гён-Ха мырза ү.ж. 20-24 қыркүйегі аралығында өтетін Еуразиялық дипломатия шеңберіндегі Қазақстанға сапарында Алматы қаласына сапары туралы айтты.
Қазақстан мен Корея арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде, Бас консул бұл шараға қолдауын білдіріп, Алматы қаласының әкімі және маслихат Төрағасы Мейіржан Отыншиевпен кездесуін ұйымдастырды.
Алматы қаласының Мәслихат төрағасы Мейіржан Отыншиев, бас хатшыны жылы лебізбен қабыл алып, өткен жылдың қараша айында Пусанда Алматы делегациясын жылы қабылдағаны үшін ризашылықтарын білдірді. Қатысушылар бауырлас қалалар арасындағы белсенді ынтымақтастықты атап өтті.