Пусан, 2024 жылғы 27 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Аслан Асқар Қазақстанның төрт университетімен серіктес университеттердің бірі болып табылатын Пусан шетел тілдері университетіне (BUFS) іссапармен барды.
Университет ректоры Чан Сунхён мырза Бас консулды жылы қабылдап, BUFS пен Қазақстан университеттері арасында студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығы саласында көптеген жылдар бойы белсенді ынтымақтастық орнағанын және түрлі бірлескен бағдарламалардың сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – Пусан шетел тілдері университетінде (BUFS) жаһандық ынтымақтастық орталығын ашу туралы келісімге қол жеткізу, сондай-ақ қос диплом бағдарламалары, бірлескен білім беру бағдарламалары және екі елдің студенттері арасындағы тандемдік ынтымақтастықты дамыту болды.