Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Пусан қаласының полиция басшысы Ким Су Хван мырзамен кездесті

Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Пусан қаласының полиция басшысы Ким Су Хван мырзамен кездесті

Пусан, 2024 жылғы 23 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Аслан Асқар Пусан қаласының полиция басшысы Ким Су Хван мырзамен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуын және ұзақ мерзімді серіктестікті нығайту жолдарын белгіледі.

Өз кезегінде, А. Асқар, Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау, болу елінің көші-қон заңнамасы жайлы тәжірибе алмасу маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, ағымдағы жылға жоспарланған Пусан қаласындағы Бас консулдықпен бірлесіп өткізілетін іс-шаралар барысында қауіпсіздікті қамтамасыздандыру мәселесі талқыланды.

Пусан полиция басшысы Ким Сун Хван мырза, өз тарапынан, Қазақстан азаматтарының осы аймақтағы қауыпсіздігін нығайтуға барынша қолдау көрсетілетіндігін ерекше атап өтті.