Пусан, 2024 жылғы 20 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Аслан Асқар Пусан қаласының халықаралық глобал қоры демеушілігімен ұйымдастырылған Еуразиялық Дипломатия экспедициясының жолға аттану рәсіміне қатысты.
Үстіміздегі жылдың 20-24 қыркүйегі аралығында өтетін, Еуразиялық дипломатия шеңберіндегі Қазақстанға сапары барысында, Пусан кино орталығы мен “Қазақфильм”арасында киноиндустриядағы өзара ынтымақтастық және даму туралы келісімге ресми түрде қол қойылатындығы жоспарланған.
Өз кезегінде, Бас консул бұл шараға қолдауын білдіріп, аталған меморандум Қазақстан мен Пусан арасындағы экономика, туризм, мәдениет және шығармашылық салаларды қоса алғанда, әртүрлі бағыттардағы ынтымақтастықтың нығайуына үлесін қосатындығына сенім білдірді.