Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Пусан қаласының Әділет министрлігі көші-қон департаментінің басшысы Хо Юк мырзамен кездесті

Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Пусан қаласының Әділет министрлігі көші-қон департаментінің басшысы Хо Юк мырзамен кездесті

Пусан, 2024 жылғы 19 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Аслан Асқар Пусан қаласының Әділет министрлігі көші-қон департаментінің басшысы Хо Юк мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Бас консул А. Асқар Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау, болу елінің көші-қон заңнамасы жайлы тәжірибемен алмасу маңыздылығын атап өтті. ҚР азаматтарына қатысты мәселелер туындаған жағдайда Консулдықпен шұғыл түрде тікелей байланыста болудың қажеттілігін сұрады.

Соңында, Пусан қаласындағы білім алып жүрген студенттердің көші-қон департаментінде тәжірибе жинақтау тағылымынан өту, сонымен қатар жақын арада EPS (Employment Permanent System) заңдастыруы туралы сұрақтарды талқылады.