Пусан қаласында Швед кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті

Пусан қаласында Швед кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті

Пусан, 2024 жылғы 14 қыркүйек - Пусан қаласында Корея Республикасы мен Швеция арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 65 жылдығына арналған Швед кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті.

Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Аслан Асқар мәртебелі қонақ ретінде салтанатты рәсімге қатысты. Бас консул Швед елшісі Карл-Ульф Андерссонге ҚР Оңтүстік Кореядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Арыстанов мырзаның құттықтауын жеткізді.