Пусан, 2024 жылғы 02 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Аслан Асқар ”Busan Global City Foundation“ қорының төрағасы Джон Юн У-мен кездесіп, BGCF қорының ерекше серіктестік ретінде қолдау көрсетіп келгені үшін ілтипатын білдірді.
Джон Юн У жуырда Пусан қалалық әкімшілігі бастаған делегациясы Қазақстанға арнайы сапары туралы жоспарларымен бөлісті. Ол алдағы уақытта мәдениет, білім салаларында екі ел арасындағы ынтымақтастықты орнату туралы ықыласын білдірді. ”BGCF“ қоры Пусан қаласында білім алып жатқан шетел студенттерге қолдау көрсеткендігіне және оларға арналған жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасымен таныстырды.
Бас консул Пусан мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынасының тығыз екендігін атап өтіп, Корей жоғарғы оқу орындары Қазақстан жастарының арасында танымал екенің және болашақта Қазақстанда Пусан төңірегінде орналасқан жоғарғы оқу орнының филиалы ашылуына қызығушылық білдірді.