Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Пусан кино орталығының бас директоры Ким Джин Хе мырзамен кездесті

Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Пусан кино орталығының бас директоры Ким Джин Хе мырзамен кездесті

Пусан, 2024 жылғы 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Аслан Асқар, жуырда Қазақстан Республикасы мен Пусан кино орталығы арасындағы ынтымақтастық қарқынын талқылау үшін, Пусан кино орталығының бас директоры Ким Джин Хе мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Ким Джин Хе мырза Қазақстан Республикасының Пусандағы Бас консулдығы ашылған сәттен бастап қабылданған бастамалар Қазақстан мен Пусан арасындағы мәдени және экономикалық байланыстарды дамытуға елеулі үлес қосқанын ерекше атап өтті. Ол, сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 20-24 қыркүйегі аралығында өтетін, Еуразиялық дипломатия шеңберіндегі Қазақстанға сапары барысында, Пусан кино орталығы мен “Қазақфильм”арасында киноиндустриядағы өзара ынтымақтастық және даму туралы келісімге ресми түрде қол қойылатындығы жоспарланғанын хабарлады.

Өз кезегінде, Бас консул бұл шараға қолдауын білдіріп, аталған меморандум Қазақстан мен Пусан арасындағы экономика, туризм, мәдениет және шығармашылық салаларды қоса алғанда, әртүрлі бағыттардағы ынтымақтастықтың нығайуына үлесін қосатындығына сенім білдірді.