Пусан, 2024 жылғы 28 тамыз - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Аслан Асқар “Busan Economic Promotion Agency” Президенті Сон Бук Чуль мырзамен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Корей Республикасының арасындағы сауда және логистика салаларындағы ынтымақтастық, кіші және орта бизнесті дамыту қарқынын нығайтуға деген ынталарын білдірді.
Болашақта Пусан және Қазақстанмен тікелей ұшақ бағыттарын ашу мүмкіндігі де талқыланды.
Бас консулдық тарапынан да екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға барынша қолдау көрсетілетіндігі аталып өтілді.