Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Кванджу қаласының Әділет министрлігі көші-қон департаментінің басшысы Ким Ён Гю мырзамен кездесті

Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Кванджу қаласының Әділет министрлігі көші-қон департаментінің басшысы Ким Ён Гю мырзамен кездесті

Пусан, 2024 жылғы 23 тамыз - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Аслан Асқар Кванджу қаласының Әділет министрлігі көші-қон департаментінің басшысы Ким Ён Гю мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Бас консул А. Асқар Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау, болу елінің көші-қон заңнамасы жайлы тәжірибиемен алмасу маңыздылығын атап өтті. ҚР азаматтарына қатысты мәселелер туындаған жағдайда Консулдықпен шұғыл түрде тікелей байланыста болудың қажеттілігін сұрады.

Соңында, қазақ диаспора өкілдерімен кездесіп, консулдық қызметтер туралы таныстыра отырып, жақын арада Кванджу қаласында Қазақстан Республикасының азаматтарына жедел консулдық қызмет көрсетіп тұру мүмкіндігі болатындығы туралы айтып кетті.