Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консул Аслан Асқар Пусан қаласындағы Донгу Университетінің ректоры Хван Су Хуан мырзамен кездесті

Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консул Аслан Асқар Пусан қаласындағы Донгу Университетінің ректоры Хван Су Хуан мырзамен кездесті

Пусан, 2024 жылғы 22 тамыз - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Аслан Асқар Пусан қаласындағы Донгу Университетінің ректоры Хван Су Хуан мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Хван Су Хуан мырза Dong –Eui университетінің А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік Университетімен бірлесіп атқарған іс-шараларының нәтижесімен таныстырды. Сонымен қатар алдағы уақытта машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау ынтымақтастығы бойынша іске асырылатын жоспарлармен таныстырды.

Кездесу соңында Бас консул Аслан Асқар болашақта білім салаларында екі ел арасындағы ынтымақтастықты орнату туралы ықыласын білдіре отырып, ү. ж 27 - 28 тамыз аралығында Сеул қаласында ҚР Білім Министрі С. Нұрбектің қатысуымен өтетін саммитке арнайы ҚР Оңтүстік Кореядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Арыстанов мырзаның шақыруын табыс етті.