|
Корея Республикасындағы болу тәртібі:
|
- Қазақстан мен Корея Республикасы арасында визасыз режим қолданылады.
- Қазақстан Республикасы азаматтары үшін ел шекарасынан өткен сәттен бастап болу мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды. Сонымен қатар, әрбір 180 күнтізбелік күннің ішінде елде болу ұзақтығы 60 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
- Қазақстан Республикасының жарамды жол жүру құжаты – Қазақстан Республикасының ұлттық паспорты болып табылады.
- Екі елдің азаматтары, егер олар жалпыазаматтық паспортпен немесе қайтару куәлігімен сапар шегіп, еңбек қызметін атқаруға, оқуға немесе тұрақты тұруға ниетті болмаса, 30 күнге дейін визасыз кіріп-шығуға құқылы.
- Сонымен қатар, қазіргі уақытта Корея Республикасында шетел азаматтарының елге кіруін алдын ала мақұлдау жөніндегі электрондық жүйе – «K-ETA» қолданылады. Осыған сәйкес, визасыз режим аясында елге келетін шетел азаматтары ұшуға кемінде 24 сағат қалғанда www.k-eta.go.kr сайтында жоспарланған сапары туралы электрондық өтінім тапсырып, Оңтүстік Корея билігінің кіруге рұқсатын алуы қажет. Егер мұндай рұқсат болмаса, әуе компаниясы жолаушыны ұшаққа отырғызудан бас тартуға мәжбүр болады.
|
|
Паспорттың жарамдылық мерзімі:
|
- Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кемінде 6 ай болуы тиіс.
- Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кемінде 6 ай болуы тиіс.
|
|
Қоғамдағы қабылданған мінез-құлық ережелері:
|
-
Корея Республикасында жүрген кезде Сізге сол елдің заңдары қолданылады және оларды қатаң сақтау міндетті. Ел заңдарын білмеу – жауапкершіліктен босатпайды.
-
Этикет пен моральдың жалпыға ортақ нормаларын ұстаныңыз, өз мінез-құлқыңызды қоршаған ортаға сәйкес бейімдеңіз, жергілікті салт-дәстүрлерді құрметтеп, сақтауға тырысыңыз.
-
Шет тілінде негізгі сөздер мен тіркестерді білу елде болуды жеңілдетіп қана қоймай, жергілікті халық тарапынан жылы қабылданады.
-
Ел туралы қосымша ақпаратпен алдын ала танысып шығыңыз: саяси жағдайы, климаттық ерекшеліктері, заңдары, ұлттық дәстүрлері, қоғамдық және өзге де орындардағы мінез-құлық ережелері.
|
|
Шетелге білім алу, еңбек қызметін жүзеге асыру немесе тұрақты тұру үшін бару жоспарланған жағдайда
|
- Алдын ала құжаттарыңызды заңдастырып (легализация) немесе апостиль қою арқылы ресімдеңіз. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАЖ органдары берген куәліктерге, мүліктік қатынастар мен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты құжаттарға қатысты.
|
| Консулдық есепке алу туралы |
-
Оқу, жұмыс істеу немесе тұрақты тұру мақсатында шетелге барған Қазақстан Республикасының азаматтарына жақын жердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне консулдық есепке тұру ұсынылады.
-
Консулдық есепке тұру арқылы Қазақстанға бармай-ақ бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік беріледі (сайлау мен референдумдарға қатысу, паспорт рәсімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ елде соғыс қимылдары, жаппай тәртіпсіздік немесе табиғи апаттар туындаған жағдайда эвакуациялау шараларын жеңілдетеді.
|
|
Кедендік талаптар:
|
|