Мажарстандағы Қазақстан Елшісі «Univer Product PLC» компаниясының зауытына барды

Мажарстандағы Қазақстан Елшісі «Univer Product PLC»  компаниясының зауытына барды

2020 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Кечкемет қаласына «Универ» компаниясының терең өңдеу зауытына барды.
Елші Ж.Әбдірашов кәсіпорынның өндірістік үдерісімен танысты. Одан кейінгі келіссөздерде мажар компаниясының Қазақстанмен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
1948 жылы негізі қаланған «Универ» компаниясы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді және мажар өндірушілері арасында таңдаулы өнімдердің танылған көшбасшы болып табылады. Компанияда шамамен 1300 адам жұмыс істейді.