Қазақстанның ресми Будапештпен саяси байланыстары нығая түсуде

Қазақстанның ресми Будапештпен саяси байланыстары нығая түсуде

Будапешт, 2025 жылғы 17 наурыз - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы мажар Премьер-министрінің орынбасары Жолт Шемьенмен кездесіп, Қазақстан-Мажарстан стратегиялық серіктестігі аясында екіжақты қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылады.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарының жай-күйі мен келешегін, алдағы жоғары және биік деңгейдегі екіжақты сапарларды, сондай-ақ ынтымақтастық аясын кеңейту мүмкіндіктеріне шолу жасап, құқықтық база, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттесу перспективаларына тоқталып өтті.

Абзал Сапарбекұлы мажар саясаткеріне Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси-әлеуметтік өзгерістер мен азаматтық саладағы демократиялық реформалар туралы айтып беріп, еліміздің тәуелсіздік жылдары кезінде қол жеткізген жетістіктерімен таныстырды.

Өз кезегінде, Жолт Шемьен Мажарстанның Қазақстанмен байланыстарға жоғары сипат беретініне тоқталып өтіп, елдегі реформалардың өзектілігі мен оны қолдайтынын білдірді.

Кездесу соңында, Мажарстанның ұлт саясаты, діни саясат және дінаралық дипломатияға жауапты үкімет мүшесі ретінде, Жолт Шемьенге 17-18 қыркүйекке Астанада өтетін VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне шақыру табысталды.