Будапешт, 2025 жылғы 10 наурыз - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Халықаралық Текволи (International Teqvoly Federation) Федерациясының Бас хатшысы Иштван Дёбрей мырзамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Иштван Дёбрей мырза Елшіні Федерацияның қызметі мен Текбол және Текволиді дүниежүзілік деңгейде танымал етуге бағытталған жобалары туралы хабардар етті. Сондай-ақ, Қазақстанда бұл спорт түрлерін дамыту және ілгерілету жоспары туралы ақпарат берді.
Тараптар бірлескен спорттық, жастар және қайырымдылық шараларын ұйымдастыру перспективаларын талқылап, ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары бойынша пікір алмасты.
Айта кетері, Текбол — бұл футбол мен үстел теннисінің элементтерін біріктіретін динамикалық спорт түрі. Ойын арнайы иілген Teq үстелінде өткізіледі, онда ойыншылар допты қолдарын пайдаланбай, денесінің кез келген бөлігімен бір-біріне қайтарады. Текбол техникалық дағдыларды, шоғырлануды және төзімділікті дамытады, әрі кәсіби және әуесқой деңгейде бүкіл әлемде танымал болуда.
Текволи — волейбол мен текболды біріктіретін инновациялық спорт түрі. Бұл ойын да арнайы иілген Teq үстелінде өткізіледі, мұнда ойыншылар допты қолдарымен тор арқылы қайтарып, волейболдың негізгі ережелерін сақтайды. Текволи ептілік, дәлдік және командалық жұмыс қабілеттерін арттырады, әрі барлық жастағы және әртүрлі деңгейдегі қатысушыларға қолжетімді.
Халықаралық Текволи Федерациясы (ITVF) — Текволи спортын жаһандық деңгейде насихаттап, дамытуға жауапты басқарушы орган. Федерация халықаралық турнирлер, оқыту бағдарламалары және спорттың қолжетімділігін арттыруға бағытталған бастамаларды ұйымдастырады. ITVF жастарды спортқа тарту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жұмыс істейді.