Будапештте Қазақстан мен Мажарстан арасындағы парламентаралық қатынастар талқыланды

Будапештте Қазақстан мен Мажарстан арасындағы парламентаралық қатынастар талқыланды

Будапешт, 2025 жылғы 12 наурыз - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Мемлекеттік жиналысы Сыртқы істер комитетінің төрағасы, Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясындағы мажар делегациясының басшысы Жолт Неметпен кездесу өткізіп, екі жақты байланыстардың, оның ішінде Қазақстан мен Мажарстанның парламентаралық қатынастарының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

А.Сапарбекұлы мажар депутатына Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси-әлеуметтік өзгерістер мен азаматтық саладағы демократиялық реформалар туралы айтып беріп, еліміздің тәуелсіздік жылдары кезінде қол жеткізген жетістіктерімен таныстырды.

Өз кезегінде, Ж.Немет екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ ЕКПА шеңберінде Қазақстанмен жұмыс істеуге дайындығын білдіріп өтті.