Будапешт, 2025 жылғы 1 наурыз - 1 наурыз күні Мажарстанда Ұлттық ағаш отырғызу күніне орай Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері Елшілік орналасқан 2-мөлтек аудандағы «Мияваки» стиліндегі орманға ағаш отырғызу іс-шарасына қатысты. Бұл бастама Будапешттің экологиялық тұрақтылығын нығайтуға және жасыл қорды көбейтуге бағытталған.
Көктемнің алғашқы күнінде және Наурыздың қарсаңында өткен бұл шара табиғатты қорғау мәдениетін дамытуға үлес қосып, болашақ ұрпаққа жасыл мұра қалдыру мақсатында ұйымдастырылды. Елшілік өкілдері жергілікті қауымдастықпен бірге ағаш отырғызып, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара «10 миллион ағаш» (10 millió fa) ұйымының қолдауымен өтті. Бұл бастама алдағы бірнеше жыл ішінде 10 миллион ағаш отырғызуды мақсат етеді. Қазіргі таңда бұл ауқымды экологиялық жоба аясында 334 869 ағаш және 48 467 бұта отырғызылды.