Халықаралық дзюдо федерациясы Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

Халықаралық дзюдо федерациясы Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

Будапешт, 2025 жылғы 13 ақпан - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен кездесу өткізді.

Абзал Сапарбекұлы Мариус Визерді Астанада өңірдегі жоғары санатты жаттықтырушылар мен төрешілерді даярлау орталықтарының бірі бола алатын Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) академиясын ашу жөніндегі жұмыстардың барысы туралы таныстыртып өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі еліміздің 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізуге дайындығын растады.

Өз кезегінде Мариус Визер дзюдоны дамытуға және жалпы спорттық қозғалысқа елеулі көңіл бөліп отырған Қазақстан Республикасының басшылығына алғысын білдірді.

Мариус Визер федерацияның IJF академиясын ашуға және әлем чемпионатын өткізуге жан-жақты көмек көрсетуге дайындығын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар Қазақстандағы дзюдо, әсіресе балалар мен жастар арасында танымалы спорттың бірі деген ортақ пікірге келді.