Қазақстан-Мажарстан құқық қорғау саласында ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан-Мажарстан құқық қорғау саласында ынтымақтастықты нығайтуда

Будапешт, 2025 жылғы 10 ақпан – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстанның Ішкі істер министрі Шандор Пинтермен кездесті.

Әңгіме барысында тараптар құқық қорғау, денсаулық, білім беру және әлеуметтік салалардағы ынтымақтастық контекстінде өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.

Елші Абзал Сапарбекұлы Қазақстан мен Мажарстанның ішкі істер министрліктері арасындағы шарттық-құқықтық қорын кеңейту жолдарын талқылап, құқық қорғау бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуда барынша үлесін қосуға дайын екенін мәлім етті.

Өз кезегінде, министр Шандор Пинтер Мажарстан құқық қорғау, денсаулық сақтау және басқа салаларындағы өзекті тәжірибемен бөлісуге және қазақ сарапшыларды қабылдауға ниеті бар екенін айтты.

Кездесу соңында тараптар Ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі Қазақстан-Мажарстан үкіметаралық комиссияның жұмысын ілгерілету маңыздылығында тоқтап, қазақ-мажар қарым-қатынастарының барлық спектрі бойынша екіжақты диалогты барынша қолдауға және дамытуға дайын екендіктерін растады.