Қазақстанның ақпараттық-жаңалықтар контенті Daily News Hungary назарында

Қазақстанның ақпараттық-жаңалықтар контенті Daily News Hungary назарында

Будапешт, 2025 жылғы 7 ақпан – Мажарстанның ағылшын тіліндегі ең ірі жаңалықтар порталы – «Daily News Hungary» құрылымының бас редакторы және директоры Альпар Като Қазақстан Елшісімен кездесті.

Тараптар бауырлас әрі стратегиялық әріптес Қазақстан мен Мажарстанның ынтымақтастығын, Қазақстандағы инвестиция мүмкіндіктер мен өзара сауда саттықты дамыту перспективалары туралы әңгіме өрбітті.

Осы ретте екі ел арасындағы ынтымақтастықтың даму үрдісі, сондай-ақ Қазақстанның саяси-экономикалық әлеуетін мажар қоғамына жеткізудің маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде, Альпар Като Қазақстан және Орталық Азия аймағына өз ақпарат порталында көбірек назар аударуға көңіл бөлетінін және бұл бағытта түрлі әріптестікке дайын екенін білдірді.     

Кездесу қорытындысында тараптар ақпараттық саладағы серіктестікті одан әрі нығайту туралы уағдаласты.