Қазақстан және INTEQ Zrt: цифрлық ауыл шаруашылығынан бастап Еуропаға IT экспортына дейін

Қазақстан және INTEQ Zrt: цифрлық ауыл шаруашылығынан бастап Еуропаға IT экспортына дейін

Будапешт, 2025 жылғы 5 ақпан - Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде өнеркәсіптік автоматтандыру және агротехнологиялар саласындағы цифрлық шешімдерге маманданған «INTEQ» ЖАҚ компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында «INTEQ» ЖАҚ компаниясының озық шешімдерін Қазақстанда қолдану перспективалары, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Қазақстан Елшісі «INTEQ» ЖАҚ компаниясымен ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, елдің озық цифрлық шешімдерді енгізуге ұмтылатынын және өз технологияларын бейімдеуге және жергілікті деңгейде қолдануға мүдделі компанияларды қолдауға дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, қазақстандық IT әзірлемелерінің Еуропа нарығына шығу әлеуетінің жоғары екені атап өтіліп, Елшілік олардың ілгерілетуіне қолдауға дайын екені айтылды.

Кездесуде дән қоймаларын мониторинг жүйелерін, мал шаруашылығын басқаруға арналған жасанды интеллектті және нанокөпіршікті өңдеумен тамшылатып суару технологияларын қолдану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Бұл шешімдер өнім жоғалтуды айтарлықтай азайтуға, өнімділікті арттыруға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

«INTEQ» ЖАҚ өкілдері ынтымақтастықты дамытуға қызығушылықтарын растап, қазақстандық IT компанияларымен серіктестік орнатуға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар келіссөздерді жалғастыруға, сондай-ақ серіктестікті дамыту бойынша нақты қадамдарды анықтау үшін қосымша консультациялар өткізуге уағдаласты.