Мажар президентінің сарайы - «Sándor Palota»-да өткен кездесу туралы

Мажар президентінің сарайы - «Sándor Palota»-да өткен кездесу туралы

Будапешт, 2025 жылғы 6 ақпан - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Президентінің Сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі, Елші Оршоя Жужанна Ковачпен кездесіп, Қазақстан-Мажарстан стратегиялық серіктестігі аясында екіжақты қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылады.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарының жай-күйі мен келешегін, алдағы жоғары және биік деңгейдегі екіжақты сапарларды, сондай-ақ ынтымақтастық аясын кеңейту мүмкіндіктеріне шолу жасап, құқықтық база, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттесу перспективаларына тоқталып өтті.

Кездесу барысында, сұхбаттастар бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтардың жай-күйін зерделеп, былтыр ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Будапештке жасаған мемлекеттік сапары барысында Республика Президенті Тамаш Шуйокпен, Үкімет басшысы Виктор Орбанмен өткізген келіссөздердегі келісімдерді іске асыру жолдарын талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша, дипломаттар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту бағытына, әрі 2024 жылдың маңызды жыл болғанына тоқталып, 2025 жылдың да екіжақты және көпжақты деңгейде ауқымды да маңызды іс-шаралармен жалғасатынына сенім білдірді.