Мажар «UBM Group» Қазақстанда құрама жем және премикс өндіретін 4 зауыт салады

Мажар «UBM Group» Қазақстанда құрама жем және премикс өндіретін 4 зауыт салады

Астана, 2025 жылғы 21 қаңтар – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мажар UBM Group компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Акош Варгамен кездесіп, агроөнеркәсіп саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

«UBM Group» Қазақстанның бірқатар өңірлерінде құрама жем және премикс өндіру бойынша жобаларды іске асыруға ниетті. Бұған дейін бұл туралы негіздемелік келісім мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мажарстанға сапары барысында жасалған болатын.

2025-2028 жылдар аралығында компания Қостанай, Ақмола және Түркістан облыстарында құрама жем өндіретін үш зауыттың, сондай-ақ Алматы облысында премикс өндіретін зауыттың құрылысына шамамен 83 млн АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр.

Айдарбек Сапаров министрлік жобаларды іске асыруға толық көмек көрсететінін атап өтті.

Кездесуге Мажарстанның Қазақстандағы Елшісі Отто Иван Рона және компания өкілдері де қатысты.

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі