Қазақстан Елшісінің «Aero Vodochody» компания өкілімен кездесуі

Қазақстан Елшісінің «Aero Vodochody» компания өкілімен кездесуі

Будапешт, 2025 жылғы 20 қаңтар - Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Орталық Еуропадағы ең ірі авиациялық техника өндірушісі «Aero Vodochody» компаниясының өкілімен кездесу өткізді.

Кездесуде оқу-жаттығу ұшақтарын жасау және өндіру, Қазақстанның авиациялық паркін жаңғырту, сондай-ақ аэроғарыштық технологиялар саласындағы бірлескен зерттеулер бойынша ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Авиация саласы үшін кадрлар дайындау және білім алмасу бағдарламасын әзірлеуге ерекше назар аударылды.

Елші Қазақстанның қорғаныс қабілетін арттыру және технологиялық жаңғырту үшін озық авиациялық шешімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті. Абзал Сапарбекұлы «Aero Vodochody» компаниясын Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндіктерін, соның ішінде локализацияланған өндіріс пен бірлескен жобаларды іске асыруды қарастыруға шақырды.

Тараптар ұзақ мерзімді пайда әкелетін ынтымақтастықтың нақты бағыттарын талқылауды жалғастыруға келісті.