Қазақстан Елшісінің «Pro Patria Electronics» өкілімен кездесуі туралы

Қазақстан Елшісінің «Pro Patria Electronics» өкілімен кездесуі туралы

Будапешт, 2025 жылғы 20 қаңтар - Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы жоғары технологиялық бақылау жүйелерін әзірлеуші және өндіруші болып табылатын Мажарстанның жетекші «Pro Patria Electronics» компаниясының басшылығымен нәтижелі кездесу өткізді.

Кездесуде шекаралық бақылау жүйелерін жаңғырту және Қазақстанның маңызды инфрақұрылым нысандарын қорғауға арналған озық шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды. Интеграцияланған сенсорлық желілерді әзірлеу және қауіпсіздікті арттыруға арналған FMCW радарларын пайдалану ерекше назар аударылды.

Елші Абзал Сапарбекұлы ұлттық қауіпсіздікті нығайту үшін заманауи технологияларды қолданудың стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, «Pro Patria Electronics» компаниясын Қазақстандағы инвестициялық жобаларға қатысуға шақырды. Елші Қазақстандағы қолайлы инвестициялық климатты және жоғары технологиялық салаларды дамытуға ерекше қызығушылықты атап өтті.

«Pro Patria Electronics» компаниясының халықаралық сату жөніндегі директоры Иштван Бардах  пен бизнес-даму бөлімінің басшысы Арон Женитш Қазақстанмен ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытты. Олар компанияның бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және қазақстандық серіктестермен ынтымақтасуға дайын екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысында тараптар өзара ынтымақтастықты жалғастыру және ортақ жұмыс бағыттарын нақтылау жөнінде келісімге келді. Екі тарап та өзара тиімді бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.